19 наурыз – “Жаңару күні” мектебімізде ерекше аталып өтті.
Бұл күн – жаңару мен жаңғырудың, тазалық пен жаңа бастамалардың символы. Мектеп оқушылары мен ұстаздары бірлесіп, айналаны көркейту, тазалық жұмыстарын жүргізіп, ағаш отырғызу акциясына белсене қатысты.
Іс-шара барысында оқушылар табиғатты аялауға, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершіліктерін көрсетті. Егілген әрбір ағаш – болашаққа жасалған қамқорлықтың белгісі болды.
“Жаңару күні” баршаға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жаңа жетістіктерге бастау болды.