2025 жылдың қараша айының 30-жұлдызында Т. Қатаев атындағы №22 орта мектебінде қазақтың аса көрнекті сазгері, ән жанрының әйгілі майталманы, осы заманға қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, қазақ вальсінің королі атанған Шәмші Шалдаяқовтың 95 жылдығына орай «Шәмші әлемі» атты өнер фестивалі өтті. Бұл фестивалге ауылдың жастары мен мектеп ұстаздары қатысты. Қатысушылар халыққа танымал «Бақыт құшағында», «Өмір өзен», «Сыған серенадасы», «Арыс жағасында, «Ана туралы жыр» т.б әндері айтылды. Алғашқы сөз кезегі кезегі мектебіміздің басшысы Байділдаева Гулзира Өтегенқызы берілді. Гулзира Өтегенқызы қатысушыларға сәттілік тіледі. Мұғалімдер мен ауылдың жастары Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығына арналған бейнеролик тамашалады. Фестиваль соңында қатысушыларға орындау шеберлігіне қарай номинациялар берілді. Атап айтсақ «Ең үздік орындаушы», «Жүрекпен орындаған ән», «Үздік дауыс иесі», «Талантты әнші» т.б
Фестиваль өте жоғары деңгейде өтті. Фестивальге қатысушылар Шәмші Қалдаяқовтың әндерін сүйіспеншілікпен орындап, ұлттық музыкаға деген құрмет пен қызығушылықтарын арттырды.