6 қараша мектебімізде №22 мектептің акт залында Орыс тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі ұйымдастыруымен «Ахмет Байтұрсынұлының 40 мысалы - адамгершілік айнасы» атты театрлық қойылым қойылды.
Мақсаты: Оқушыларға А. Байтұрсынұлының шығармашылығы мен өмір жолын таныстыру, мысалдары арқылы адамгершілікке, әділетке, ізгілікке баулу. Тіл мәдениетін, сахналық шеберлікті дамыту.
Кеш барысында оқушылар Ахмет Байтұрсынұлының тәрбиелік мәні зор мысалдарын сахна арқылы көрерменге жеткізді. Әр мысалдың астарындағы мағына, оқиға желісі, кейіпкерлердің бейнесі шеберлікпен сомдалды.
Іс-шара оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ұлттық рухани мұраны қадірлеуге жол ашты.