Жүгіру жолы
Кіру
AA+
"Тұрғанбек Қатаев атындағы №22 орта мектеп" МКМ
"Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы
"Тұрғанбек Қатаев атындағы №22 орта мектеп" МКМ
"Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Мектебімізде ұлтымыздың ұлы ойшылы,қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаған тұңғыш классигі Абай Құнанбайұлының шығармашылығын дәріптеу мақсатында Абайдың 180 жылдығына орай Абай оқулары өтті.

Абай оқулары 4 кезеңді қамтыды.

* Абай өлеңдерін жаттап айту;
* Абайдың қарасөздерін жатқа айту, тақырыптық идеясын ашу;
* Абайдың өмірі мен шығармашылығына  байланысты викториналық сұрақтар;
* Абай шығармашылығына сурет салу; ( сырттай бағаланды)

Абай оқуларының алғашқы сөзі зейнеткер ұстазымыз Абайтанушы, әдебиеттанушы Кірісбаев Сейсенбай Алдибайұлына берілді. Сонымен қатар осы байқауға қаржылай сыйақы ұсынған Али ауылының бас имамы Осман ұстазға сөз кезегі ұсынылды. Абай оқуларын әнмен әрлеп, сахна қойылымын ұсынған оқушыларымыз да болды. Абай оқуына қатысушылар сахнаға кезең кезеңімен шығып, өз бақтарын сынады.

Нәтижесінде қатысушылар І, ІІ, ІІІ - дәрежелі дипломдармен және қаржылай сыйақымен марапатталды.
Абай мұрасы - қазақ халқының асыл қазынасы болып қала бермек.

#абайокулары