Аудандық жоспарға сәйкес, кеше мектебімізде 14 наурыз – Көрісу күніне орай тәрбиелік мәні зор іс-шара өтті.
Шара барысында оқушылар ұлттық дәстүрімізді дәріптеп, бір-бірімен көрісіп, үлкендерге құрмет көрсетіп, ізгі тілектерін білдірді. Сонымен қатар қазақ халқының салт-дәстүрлері насихатталып, оқушыларға оның маңызы түсіндірілді.
Осындай игі шаралар жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарды қадірлеп, сыйластық пен бірлікті нығайтуына ықпал етеді.