Бүгін мектебімізде “Ауылым – Наурыз құшағымда” атты Наурыз мерекесіне арналған ерекше концерт өтті.
Шара барысында оқушылар ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеп, ән айтып, би билеп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Әрбір қойылымнан қазақ халқының бай мәдениеті мен рухани құндылықтары айқын көрініс тапты.
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі баршамызға береке, бірлік, қуаныш әкелсін!