Мектебімізде 29 қыркүйек күні мектеп білім алушыларымен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша жүзеге асырылатын «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында кинолог мамандармен кездесу өткізілді.
Аталған жоба аясында оқушыларға әртүрлі саланың мамандарымен кездесулер ұйымдастырылып келеді. Соның бірі – кинолог мамандармен өткен кездесу. Шара барысында мамандар қызметтік иттерді тәрбиелеу мен баптау ерекшеліктерін, олардың құқық қорғау саласында, шекара күзетінде, іздестіру жұмыстарында атқаратын қызметін түсіндірді.
Балаларға иттердің түрлі жаттығуларды орындауы көрсетіліп, олардың иіс сезу қабілетінің жоғары екендігі, қауіпті заттарды табудағы рөлі таныстырылды. Кездесу жасөспірімдерге еңбектің қадірін түсіндірумен қатар, адалдық пен жауапкершіліктің маңызын дәріптеуді мақсат етті.
10-11 сынып оқушылары мектебіміздің АКТ залында кинолог мамандығының ерекшелігімен тереңірек танысып, мамандармен сұхбат жүргізді.