Жүгіру жолы
Кіру
AA+
"Тұрғанбек Қатаев атындағы №22 орта мектеп" МКМ
"Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы
"Тұрғанбек Қатаев атындағы №22 орта мектеп" МКМ
"Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Орыс тілі мен әдебиеті пәні апталығы аясында мектепте ұлы орыс ақыны С.А. Есениннің шығармашылығына арналған “Есть что-то прекрасное в лете, а с летом прекрасное в нас.” коркем оқу жарысы ұйымдастырылды. Бұл сайыстың мақсаты – оқушыларды әдебиетке, көркем сөзге қызықтыру, ақын шығармаларының терең мағынасын түсіне отырып, оны көрерменге жеткізе білуге баулу.

Сайысқа 5–9 сынып оқушылары белсене қатысты. Оқушылар С.Есениннің лирикалық, табиғатты жырлаған, Отан туралы терең мағыналы өлеңдерін шеберлікпен оқып, тыңдарманға әсерлі жеткізе білді.

Бас жүлдені – 9 “Ә” сынып оқушысы Дауан Еркежан жеңіп алды.

І орын – 9 “А” сынып оқушысы Жолдас Айдана, 7 “А” сынып оқушысы Раджан Айым, 6 “Ә” сынып оқушысы Елубек Аружан,6 “Б” сынып оқушысы Дәулетбекқызы Маржан иеленді.

ІІ орын – 7 “А” сынып оқушылары Әділхан Інжу, Жұмабек Нұрилла,5 “А” сынып оқушысы Ахмет Саян жеңіп алды.

ІІІ орын – 6 “Б” сынып оқушысы *Меліс Мағжан, 5 “А” сынып оқушысы Исинбаев Димаш, 9”Ә” сынып оқушысы Даубай Мариям марапатталды.

Сайыс жоғары деңгейде өтті, оқушылар өз өнерлерін сенімді көрсетті. Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың рухани дамуына, әдеби талғамының қалыптасуына ықпал етеді.