2026 жылғы 20 ақпанда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің оқытушысы А.С.Елубаева мен белсенді студенттері мектебімізге келіп ауқымды кәсіби бағдар беру жұмыстарын өткізді.Кездесу барысында оқушыларға университеттің тыныс-тіршілігі туралы бейнероликтер көрсетіліп, ақпараттық брошюралар таратылды. Ерекше атап өтерлігі, цифрлық технологияларды қолдану мақсатында:
1. Университеттің QR-коды таныстырылып, оқушылардың тікелей ақпарат алуына жағдай жасалды.
2. Түлектерге білім беру бағдарламалары мен оқуға түсу шарттары егжей-тегжейлі түсіндірілді.