Сіздердің маңдай терлеріңізбен, мейірім мен еңбектеріңіздің арқасында біз білім алып, өмірдің жаңа белесіне қадам басқалы отырмыз.
Сабыр мен шыдамдылықтың, даналық пен ізгіліктің үлгісі болған өздеріңізге зор алғыс білдіреміз!
Әрбір айтқан сөзіңіз – өмірлік сабақ, әрбір берген біліміңіз – болашағымыздың іргетасы.
Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт пен амандық, еңбектеріңізге жеміс тілейміз!
Шәкірттеріңіз биіктен көрініп, еңбектеріңіздің өтеуі болып жүре берсін!