Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
Аудандық жоспарға сәйкес мектебімізде «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» тақырыбында тәрбиелік мәні зор іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға халқымыздың бай мәдени мұрасы мен салт-дәстүрлерін насихаттау, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыру.
Шара барысында оқушылар қазақтың ұлттық киімдерін таныстырып, салт-дәстүрлерден көріністер көрсетті. Сонымен қатар, ұлттық ойындар ойнатылып, өнерлі оқушылар ән айтып, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды.
Бұл іс-шара жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен патриоттық сезім қалыптастыруға үлкен ықпал етті.
Ұлттық құндылық – ұрпаққа аманат!