Жүгіру жолы
Кіру
AA+
"Тұрғанбек Қатаев атындағы №22 орта мектеп" МКМ
"Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы
"Тұрғанбек Қатаев атындағы №22 орта мектеп" МКМ
"Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

2026 жылдың 10 сәуірінде мектебімізде  тағылымы терең, мазмұны бай «Мен сені үлгі тұтамын!» атты кездесу кеші өтті. Бұл кеш – жас ұрпақ пен өмірдің бел-белесін бағындырған тұлғалар арасындағы рухани көпірге айналды.

Кеш қонақтары – әр салада өзіндік қолтаңбасын қалдырған жандар:

Беделбаев Серік – ел ағасы, кәсіпкерлік пен парасаттылықты ұштастырған тұлға;

Дамир Русланұлы – ел тыныштығын күзеткен құқық қорғау қызметкері; (Алматы Облыстық полиция ішкі істер департаментінің жедел уәкіл (опер)қызметкері) 
Лаура Асқарқызы – ақпарат айдынында еркін жүзген журналист; (2020 жылдан бері «Адырна» ұлттық порталында және Еуразия бірінші арнасында журналист)

Айым Саятқызы – білімнің биігіне ұмтылған, шетелде оның ішінле Рим қаласында грант иегері атанған талапты жас.

Кездесу барысында қонақтар өз өмір жолдарынан сыр шертіп, жетістікке жету жолындағы табандылық, еңбекқорлық, мақсаткерлік сияқты асыл қасиеттердің маңызын әсерлі жеткізді. Оқушылар олардың әрбір сөзінен өмірге деген жаңа көзқарас, алға ұмтылуға деген жігер алды. Еркін форматтағы сұхбат барысында шәкірттер көкейлеріндегі сауалдарын қойып, тұщымды жауаптарға қанықты.

Бұл кездесу – құрғақ насихаттан гөрі шынайы өмірмен үндескен, жүрекке жеткен тағылымды шара болды. Әрбір айтылған ой, әрбір мысал оқушы санасында сәуле болып жағылып, болашаққа деген сенімін бекемдей түсті.

Кеш соңында мектеп директоры Байділдаева Гүлзира Өтегенқызы қорытынды сөз сөйлеп, қонақтарға алғыс білдіріп, жастарға бағыт-бағдар берер осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтті.