2025 жылғы 20 қазан күні Т.Қатаев атындағы №22 орта мектепте терроризмнің алдын алу мақсатында оқу-жаттығу өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылар мен қызметкерлерді төтенше жағдай кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға, өз өмірі мен өзгенің өмірін қорғауға үйрету болды.
Оқу-жаттығу барысында «Дабыл» сигналы беріліп, мектеп ғимаратынан оқушылар мен мұғалімдер белгіленген эвакуация жолдары арқылы қауіпсіз аймаққа шығарылды. Мұғалімдер мен сынып жетекшілер оқушылардың түгелдігін тексеріп, қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етті.
Іс-шара барысында терроризмге қарсы іс-қимылдың маңыздылығы түсіндіріліп, қауіпсіздік ережелері мен күдікті заттарды байқалған жағдайда қандай әрекет жасау керектігі жөнінде нұсқаулық берілді.
Нәтижесінде оқушылардың төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету дағдылары қалыптасты, қауіпсіздік мәдениеті мен сақтық дағдылары нығайды.
Жауапты: азаматтық қорғаныс жетекшісі Т. Хайрбеков