Жүгіру жолы
Кіру
AA+
"Тұрғанбек Қатаев атындағы №22 орта мектеп" МКМ
"Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы
"Тұрғанбек Қатаев атындағы №22 орта мектеп" МКМ
"Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Жас мамандар апталығы аясында информатика пәні мұғалімі Молдабекова Айгерим «Сингапурлық әдіс-тәсілдер» тақырыбында ұстаздарға арналған коучинг өткізді. Коучингтің негізгі мақсаты – мұғалімдерді заманауи, тиімді оқыту әдістерімен таныстыру, сабақ барысында оқушылардың белсенділігін арттыру жолдарын көрсету болды.

Коучинг барысында қатысушыларға Сингапурлық оқыту технологиясының ерекшеліктері түсіндіріліп, оның білім беру үдерісіндегі маңызы айқындалды. Атап айтқанда, топтық жұмыс, жұптық талқылау, құрылымдалған тапсырмалар арқылы оқушылардың сыни ойлау, өзара әрекеттесу дағдыларын дамытуға бағытталған әдістер көрсетілді.

Әр тапсырмадан кейін кері байланыс жүргізіліп, әдістердің тиімділігі талқыланды.

Коучингтің құрылымы жүйелі, мазмұны түсінікті болды. Мұғалім коучинг барысында қатысушылармен тиімді қарым-қатынас орнатып, қолайлы психологиялық ахуал қалыптастырды. Қатысушылар өз ойларын еркін білдіріп, тәжірибе алмасты.