Мектебімізде 16 желтоқсан -Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 5-6 сынып оқушылары арасында «Тәуелсіздік -ел бақыты!» атты сурет байқауы өткізілді. Оқушылар өз туындылары арқылы еліміздің тарихына, еркіндік жолындағы ерліктерге деген сүйіспеншілігін шығармашылықпен жеткізді. Байқаудың мақсаты – балалардың отансүйгіштік сезімін арттыру, қиялын дамытып, өнерге деген қызығушылығын ынталандыру. Байқау нәтижесінде 1 орын 6 «Б» сынып оқушысы Мақсетбаева Назерке, 2 орын 6 «А» сынып оқушысы Нұрдосқызы Сымбат, 6 «Ә» сынып оқушысы Базарбай Жасмина, 3 орын 6 «Б» сынып оқушысы Дабыл Балаусалар иеленді. Барлық қатысқан оқушылар мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды. Жауапты ұстаздар: Нурбекова Б.С., Қалиев Н.Ж.