Жүгіру жолы
Кіру
AA+
"Тұрғанбек Қатаев атындағы №22 орта мектеп" МКМ
"Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы
"Тұрғанбек Қатаев атындағы №22 орта мектеп" МКМ
"Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Жас мамандар апталығының ашылу салтанаты – білім ордасындағы жаңа лептің, тың идеялар мен шығармашылық ізденістің бастау алар тұсы. «Жаңашылдыққа қадам – жас маманнан басталады» деген атаудың өзі-ақ бұл шараның мазмұнын айқындап, жас ұстаздардың кәсіби дамуына серпін беретін маңызды алаң екенін көрсетеді.

Апталықтың ашылуы мазмұнды әрі әсерлі ұйымдастырылып, көрерменге ерекше көңіл күй сыйлады. Салтанатты бөлімде жас мамандарға қолдау білдіріліп, олардың ұстаздық жолдағы алғашқы қадамдарына сәттілік тілеген жылы лебіздер айтылды. Бұл – ұжымдағы бірлік пен сабақтастықтың, үлкеннің кішіге қамқорлығының айқын көрінісі болды.

«Жаңашылдыққа қадам – жас маманнан басталады» атты апталықтың ашылуы жоғары деңгейде өтіп, өз мақсатына жетті деуге толық негіз бар. Бұл бастама – болашаққа нық қадам басқан, жаңашылдыққа жаны құмар жас мамандардың жарқын жетістіктерге жетуіне жол ашатын игі дәстүрдің бірі.