Мектебімізде 10-сынып оқушылары мен әкелердің қатысуымен «Әке - отбасының тірегі» атты тағылымды кездесу кеші өтті.
Шара барысында әкенің отбасы мен бала тәрбиесіндегі рөлі, жауапкершілік пен үлгі боларлық қасиеттері жайлы әсерлі әңгімелер айтылды.
Жылы жүздесу оқушыларға үлкен ой салып, отбасылық құндылықтардың маңызын терең сезінуге мүмкіндік берді.