Мектебімізде «Аялы алақан» қамқорлық акциясы аясында әлеуметтік педагог Сембаева Д. Т.-ның ұйымдастыруымен 8-9 сынып оқушылары арасында «Жақсылық жасау - жүректің ісі» тақырыбында пікірталас сайысы өткізілді.
Пікірталастың басты мақсаты - оқушылардың адамгершілік құндылықтарын дамыту, мейірімділікке, жанашырлық пен қайырымдылыққа баулу, жақсылық жасаудың қоғам өміріндегі маңызын түсіндіру.
Іс-шара барысында оқушылар тақырып бойынша өз ойларын еркін жеткізіп, жақсылық жасаудың мәні мен оның адам өміріне тигізер әсері туралы пікір алмасты. Қатысушылар өмірден алынған мысалдар келтіріп, өз көзқарастарын дәлелдеуге тырысты. Пікірталас барысында оқушылардың ойлау қабілеті, сөйлеу мәдениеті және белсенділігі жоғары деңгейде байқалды.
Сайыс оқушыларды бір-бірін тыңдай білуге, өзгенің пікірін құрметтеуге, жүректен шыққан әрбір жақсылықтың үлкен игілікке бастайтынын түсінуге ықпал етті.
Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, оқушыларға тәрбиелік мәні зор әсер қалдырды.