2025 - 2026 оқу жылында «Т.Қатаев атындағы 22 орта мектебі» МКМ бойынша шалғай елді мекендерден білім беру ұйымына тегін тасымалданатын оқушылардың қауіпсіз және тұрақты түрде келуі қамтамасыз етілді. Мектеп пен саяжайлардың арақашықтығы 18 км. Бекітілген кестеге сай 37 оқушы Рассвет, Победа, Союз, Арман және Қарағайлы саяжайларынан тасымалданады.