Мектебімізде 17 желтоқсан күні 8 - 11 сынып қыздарымен «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында мектепішілік жиналыс өтті. Мақсаты : Жас жеткіншектер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу. Жиналысқа Байсерке ауылдық округінің әйелдер дәрігері Имамбетова Әсел, мектібіміздің дәрігері Турлыбаева Аяулым және сынып жетекшілері қатысты. Жиналыс барысында қыздарға ерте жүктіліктің зияны мен зардабын түсіндірді.
Ерте жүктілік деген не? - Байсерке ауылдық округінің әйелдер дәрігері Имамбетова Әсел сойледі. Ерте жүктілік деп 13-19 жаста болатын жүктілікті айтады. Осы уақытта қыз балаларда өтпелі жас кезеңі басталып, гормондық қайта құрылу жүреді. Көптеген отбасыларда бұл тақырыпқа әңгіме қозғалмай, жабық күйде қалады. Бірақ бұл дұрыс емес. Негізінен, жоспарланбаған жүктіліктің 90% отбасындағы тәрбиеге және қарым-қатынасқа байланысты келеді. Яғни ана мен қыз баланың өзара қатынасы бұзылса, қыз бала «әдейі» бәрін кері істейді. Ерте жүктіліктің қандай профилактикасы бар? Проблемамен күресудің ең үздік тәсілі – проблемадан сақтану.
Қыз бала - болашақтың анасы, ұлттың ұйтқысы. Сондықтан әрбір қызымыздың тәрбиесі баршамыздың басты назарымызда болу керек.