Бегущая строка
Авторизация
AA+
ГКУ "Средняя школа №22 имени Турганбека Катаева"
Государственного учреждения "Отдел образования по Илийскому району Управления образования Алматинской области"
Бегущая строка
ГКУ "Средняя школа №22 имени Турганбека Катаева"
Государственного учреждения "Отдел образования по Илийскому району Управления образования Алматинской области"
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт

Ата-аналар назарына!

«Т.Қатаев атындағы №22 орта мектеп» МКМ әкімшілігі 2025–2026 оқу жылындағы соңғы қоңырау, қорытынды аттестаттау кезеңінде, соның ішінде 4, 9, 11-сынып бітірушілерге қатысты келесі маңызды ескертулерді назарларыңызға ұсынады:
 • Педагогикалық этика мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мұғалімдерге қандай да бір сыйлық,
 • сыйлауға, ақша жинауға қатаң тыйым салынады.
 • Аниматорлар, студиялар мен агенттіктерді шақыру.
 • Мектептің ішкі жөндеу жұмыстарына қажетті санитарлық-шаруашылық заттарды сатып алу мақсатында білім алушылардан ақша жинауға қатаң тыйым салынады.
 • Оқушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында авто көлік шеруіне шығуға, ойын-сауық орталықтарына, мейрамханаларға, дәмханаларға және басқа да орындарға баруға рұқсат етілмейді.
 • Мектеп ішінде немесе мектептен тыс жерде ата-аналар тарапынан мерекелік дастархан ұйымдастыруға, қаражат жинауға тыйым салынады.
 • Қорытынды аттестаттау барысында мектеп формасын сақтап, тәртіпті, жауапкершілікті болу – әрбір оқушы үшін міндет.

Ескерту:
Аталған талаптар 4, 9, 11-сынып оқушылары мен ата-аналарына бірдей дәрежеде қатысты.
Бұл шектеулер – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, педагогикалық этика мен әділдікті сақтау мақсатында енгізілген.

Құрметті ата-аналар! Жоғарыда көрсетілген талаптарды қатаң сақтап, балаларыңыздың қауіпсіздігіне бейжай болмауларыңызды сұраймыз. Біз балаларға сапалы білім мен тәрбие беруді абыройлы міндет деп санаймыз.