Жүгіру жолы
Кіру
AA+
"Тұрғанбек Қатаев атындағы №22 орта мектеп" МКМ
"Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы
"Тұрғанбек Қатаев атындағы №22 орта мектеп" МКМ
"Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

2026 жылғы 12 ақпан күні Т. Қатаев атындағы №22 орта мектепте мектеп асханасының жұмысын бақылау мақсатында бракераждық комиссияның кезекті отырысы өткізілді.

Комиссия мүшелері асхананың санитарлық жағдайын, асхана мен буфеттің эстетикалық безендірілуін, қойма бөлмелерінде азық-түліктің дұрыс сақталуын, шикізаттың жеткілікті қолданылуын, дайын астың сапасын бақылау құжаттарының (бракераждық журнал) уақытылы толтырылуын, бекітілген мәзір бойынша дайын ас көлемінің сәйкестігін, күнделікті ас мәзірінің бекітілуін, тамақтанудың гигиеналық-санитарлық нормаларға сай болуын, сондай-ақ оқушыларды экологиялық таза сумен қамтамасыз етілуін тексерді.

Тексеру нәтижесінде асхананың санитарлық жағдайы талапқа сай екені, азық-түліктің сақталу тәртібі дұрыс ұйымдастырылғаны, дайын тағам сапасының қанағаттанарлық деңгейде екені анықталды. Күнделікті мәзір бекітіліп, тағам мөлшері бекітілген нормаға сәйкес берілуде. Асхана қажетті материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Тыйым салынған заттарды сату фактілері тіркелмеді.
Қорытынды: мектеп асханасының жұмысы қанағаттанарлық деп бағаланды.