Білім нәрін бойға сіңіріп, ғылым құпиясына үңілуге шақыратын “Табиғат танымы, Тарих тағылымы және зерттеу жаңалығы” атты химия, биология, география, тарих пәндер апталығымыздың ашылуы өтілді.
Бұл апталықтың мақсаты — оқушылардың ғылыми ойлауын дамыту, табиғат құбылыстары мен тарихи оқиғаларды терең түсінуге мүмкіндік беру, зерттеушілік дағдыларын жетілдіру және пәндерге деген қызығушылықты арттыру.
Апталық барысында әр пән бойынша танымдық сайыстар, зертханалық тәжірибелер, географиялық ойындар, тарихи викторинарлық сұрақтар, дебаттар, шығармашылық жобалар мен ғылыми зерттеулер ұйымдастырылатын болады. Бұл іс-шаралар оқушылардың логикалық ойлауын, шығармашылық қабілетін, зерттеушілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Сонымен қатар, апталық аясында оқушылар өз білімі мен қабілеттерін жан-жақты танытып, топтық және жеке жұмыс түрлерінде белсенділік көрсетеді. Үздік шыққан оқушылар марапатталады, ерекше жобалар мен тәжірибелер мектеп қабырғасында насихатталады.
Біз бұл апталық әр оқушыға жаңа білім, тың тәжірибе, ерекше әсер сыйлайды деп сенеміз.
Барша қатысушыларға сәттілік, ғылыми ізденіс, шығармашылық шабыт тілейміз!
Апталығымыз мазмұнды, нәтижелі, жемісті болсын!